Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Самсон Жаратқан Иеге іштей сиынып: «Уа, Жаратушы Тәңір Ие, мені қайтадан ескере гөр! О, Құдай, маған осы бір жолға құдіретіңді дарыта көрші! Філістірлерден екі көзім үшін кегімді бір-ақ қайтаруға мүмкіндік бере көрші», — деп мінажат етті. Сен үшін мазаққа төзіп келем,Масқарам көрініп тұр бет-жүзімнен. Туған бауырларым да мені танымайды,Шешемнің ұлдары маған жат деп қарайды. Киелі үйіңнің қамын жеп азапқа түсем,Сені қорлағандардың ғайбаты маған тиген. Ал Сен, уа, Жаратқан Ие, мені жақыннан танып білесің. Маған көз салып, ішкі дүниемді зерттейсің. Сол адамдарды сойылатын қой сияқты әкетіп, шалынатын мал іспетті бір жаққа қоя бер! Мені қудалаушылар масқара болсын, бірақ мені масқарадан сақтай гөр. Олар үрейленсін, бірақ мені үрейден сақтай гөр. Олардың басына апат күнін тудырып, екі есе қатты жазалап құрта гөр!» Бірақ Жаратқан Ие айбат көрсеткен батыр сияқты менің жанымда. Сондықтан мені қудалап жүргендер сүрініп, мені жеңе алмайды. Олар ниеттерін іске асыра алмай, әбден ұятқа қалады. Енді қайтып жұрт олардың масқараларын ұмытпайды.
Выбор основного перевода