Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ Мұса Құдай Иесіне жалбарынып былай деді:— Уа, Жаратқан Ие! Өзің Мысырдан ұлы күшпен, құдіретті қолыңмен бастап алып шыққан халқыңа қарсы неге қаһарың лаулайды? Егер солай істесең, онда мысырлықтар: «Тәңір Ие оларды елімізден арам ниетпен, тауда қырып-жойып, жер бетінен жоқ қылу үшін алып шығыпты» деп жүрер. Қаһарыңды басып, халқыңа апат жіберемін деген райыңнан қайта гөр! Сонда Самуил еміп жүрген бір қозыны алып, Жаратқан Иеге арнап құрбандыққа шалды. Оны түгел өртеп жіберіп, Исраил халқы үшін дауыстап Жаратқан Иеге жалбарынды. Жаратқан Ие оған құлақ асты. Мен де сендер үшін Жаратқан Иеге жалынып сиынуды қойып, Оған қарсы күнә жасаудан аулақ болайын! Қайта, сендерге ізгі де әділ жолды көрсете бермекпін. Сондықтан Жаратқан Ие Исраилдің бүкіл үрім-бұтағынан бас тартып, оларды түрлі пәлелерге ұшыратты. Халық Өзінің қасынан толығымен аластатылғанша, Жаратқан Ие оларды тонаушы басқыншылардың қолдарына тапсырды. Оның діни қызметкерлерінің арасындаМұса мен Һарон болды ежелгі заманда.Атын атап Оған сиынғандар арасындаСамуил пайғамбар да болды баяғыда,Жаратқан құлақ салды олар сиынғанда. Сонда Құдай халықты құртамын деді,Бірақ Өзі таңдаған Мұса пайғамбар өтінді,Құртамын деген ашуынан қайтуын тіледі. Мен ағайындарың Солтүстік Исраил халқын көз алдымнан аластатқанымдай, сендерді де солай аластатамын». Бірақ шатырым қирады, арқандарының бәрі үзілді. Балаларым мені тастап, ғайып болды. Шатырымды тігіп, панамды құрып беретін ешкім қалған жоқ! (— деп қайғырады Иерусалим.) Сонда Жаратқан Ие маған мынаны айтты:— Егер айтқандарыңа өкініп, Маған қайтып келсең ғана, сені Өзіме қызметшім етіп қайтадан қабылдаймын. Пайдасыз емес, асыл сөз сөйлесең ғана, Менің хабаршым боласың. Сен халыққа емес, халық саған бет бұрсын! Тіпті Нұх, Даниял, Әйүп үшеуі осы елде тұрып жатса да, әділ болғандарының арқасында олардың тек өз бастары ғана аман қалар еді. Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын. Сонда елде Нұх, Даниял, Әйүп тұрып жатса да, олар әділ болғандарының арқасында тіпті ұл-қыздарын да құтқара алмай, тек өз бастарын ғана аман алып қалар еді. Мен, мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие, осыларды ант етемін.
Выбор основного перевода