Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Кемелді — Жаратқанның тағылымдары,Жан дүниені олар жаңартады.Ақиқат — Иеміздің жарлықтары,Олар наданды да дана қылады. Мыңдаған алтын-күміс ақшаларданАузыңнан шыққан тәлімің қымбат маған! Ережелеріңді қабылдадым мәңгі мұраға,Жүрегімді кенелтеді олар қуанышқа. Зор олжаға тап болған адам сияқты,Сенің сөздеріңе қуанамын сондай қатты! Неліктен Сен таңырқап абыржыған кісіге, құтқара алмайтын жауынгерге ұқсайсың? Уа, Жаратқан Ие, Сен арамыздасың, біз Сенің есіміңмен аталған халқыңбыз, бізді тастап кете көрме! Көктегі дауыс маған тағы да тіл қатып былай деді: «Ей, пендем, Мен өзіңе ұсынып жатқан осы шиыршық кітапты жеп қой! Содан соң исраилдіктерге бар да, оларға оның мазмұнын жеткіз!» Мен аузымды ашқанда, Ол маған шиыршық кітапты жеуге беріп, былай деді: «Ей, пендем, Мен өзіңе берген осы кітапты жеп, ішіңді толтыр!» Мен оны жегенде, дәмі аузымда балдай тәтті болды. Сонда мен періштеге барып, одан кітапшасын беруін өтіндім. Ол маған: «Ал да, жеп қой. Ол қарныңа барғанда ащы, ал аузыңда балдай тәтті болады», — деді. Мен періштенің қолынан кітапшаны алып, жеп қойдым. Аузымда ол маған балдай тәтті болса, жұтқаннан кейін ішімді қуырды.
Выбор основного перевода