Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олар ораза ұстаса да, жалбарынышына құлақ аспаймын! Құрбандықтар мен астық тартуларын өртеп ұсынса да, соларын қабылдамаймын! Мен оларды семсер, ашаршылық және індет арқылы қырып-жоямын. Ол аттанып келгенде Мысырға шабуыл жасайды. Сонда індеттен өлуге бұйырылғандар індетке, жер аударылуға бұйырылғандар жер аударылуға, семсерге бұйырылғандар семсерге тапсырылатын болады. Соның бір бөлігін өзің сызып жасаған қала жобасының дәл ортасына қой. Сенің қаланың қоршауға алынуын бейнелеп көрсеткен күндерің аяқталғанда шашыңның сол бөлігін өртеп жібер. Шашыңның екінші бөлігін сол өткір семсермен кескілеп, қала жобасын айналдыра шашып таста. Соңғы бөлігін желмен бірге ұшырып жібер. Себебі Мен семсерімді суырып алып, халқымның артынан қуып, оны шашыратып жіберемін. Халқыңның үштен бір бөлігі қаланың ішінде аштан не індеттен өледі, тағы үштен бір бөлігі қаладан тыс жау қолынан қаза табады. Қалған үштен бір бөлігін Мен дүниенің шартарабына шашыратып жіберіп, жалаң семсеріммен арттарынан қуамын. Сонда: «Бұдан былай мен сендердің бақташыларың болмаймын. Өлетіндерің өліп, құритындарың құрыңдар! Ал қалғандарың бір-біріңді жалмай беріңдер», — дедім.
Выбор основного перевода