Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Қайтыңдар Маған, уа, тұрақсыз балаларым! — дейді Жаратқан Ие. — Өйткені Мен сендердің қожайындарыңмын. Әр қаладан біреуден, әр рудан екеуден таңдап алып, сендерді Сионға әкелемін. — Шіркін, қайтып келсең ғой, о, Исраил, Өзіме қайтып оралсаңшы! — дейді Жаратқан Ие. — Тек жиренішті тәңірсымақтарыңды Менің алдымнан аластатып, бұдан былай адасып тентіреулеріңді қоюға тиіссіңдер. Сонда Жаратқан Ие маған тіл қатып былай деді:— Тіпті Мұса мен Самуил осында Менің алдымда тұрып, олар үшін өтініш жасаса да, бәрібір бұл халыққа жаным ашымас еді. Халықты Менің көз алдымнан қуып жіберіңдер, кетсін! Діни қызметкерлерің Менің бұйырған Таурат заңымды бұзып, Өзіме бағышталған қасиетті нәрселерімді арамдайды. Олар қасиетті мен жай нәрселердің арасын тіптен ажыратпай, адал мен арамның айырмашылығын да еш үйретпейді. Демалыс күндеріме қатысты ережелерімді бұзып, соларға да немқұрайды қарайды. Осылайша олар Маған құрмет көрсетпей, Мені қорлайды. Құдайға жақындаңдар, сонда Ол да сендерге жақындайды. Ей, күнәкарлар, қолдарыңды жамандық атаулыдан жуып тазартыңдар! Ей, екіойлы табансыздар, жүректеріңді орнықтырыңдар!
Выбор основного перевода