Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие өздеріңді де, билік жүргізуге өздерің таңдап алған патшаны да не сендер, не ата-бабаларың бұрын білмеген халықтың арасына айдатып жібереді. Сол жерде жалған тәңірлердің ағаштан, тастан жасалған мүсіндеріне құлшылық ететін боласыңдар. Өйткені қаһарым оттай тұтанады,О дүниенің түбіне дейін жайылады,Жерді бар өнімімен бірге жалмайды,Таулардың негіздерін өртеп талқандайды. Оларды өздері де, ата-бабалары да бұрын еш білмеген ұлттардың арасына шашыратып, олар толығымен құрып бітпейінше, арттарынан семсер асынған жауларын жіберіп отырамын. Сондықтан Мен сендерді осы елден өздерің де, ата-бабаларың да бұрын танып білмейтін бір елге жіберемін. Сол жерде сендер күні-түні бөгде тәңірлерге құлшылық ететін боласыңдар. Ал Мен сендерге еш мейірім көрсетпеймін». Мен өзіңе табыстаған мұралық жеріңді уысыңнан шығарып аласың. Өзің бұрын танып білмеген елде Мен сені жауларыңа құлдыққа түсіремін. Өйткені сен Менің қаһарымды тұтатқан едің, енді ол мәңгілікке лаулайтын болады, — дейді Жаратқан Ие. «Мына адам Ехониях шынымен сынып, қоқысқа тасталған ыдыс іспетті ме? Оның өзі және балалары білмейтін алыс елге неліктен айдалып әкетілмек?» деп сұрайтын шығар. Онда мен: «Мүмкін Исраил халқы түсінбеген шығар?» деп сұраймын. Тіпті басқа ұлттық адамдар оны түсінді ғой! Мұса пайғамбар мұны бірінші болып Құдайдың мына тәрізді сөздерімен алдын ала айтты: «Мен халық сиқы жоқ бөтендер арқылы сендердің қызғаныштарыңды оятамын. Иә, өздерің түсінігі жоқ деп санайтын өзге халықпен сендерді ашуландырамын!»
Выбор основного перевода