Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Мардохай болған оқиға туралы толық білгенде, қатты қайғырып киімдерінің өңірін айыра жыртты. Содан ол азалы киім киіп, басына күл шашып, дауыстап жылап қаланың ортасына барды. Мардохай патша сарайының қақпасының алдына дейін ғана келе алды. Өйткені азалы киім киіп сарай қақпасына кіруге тыйым салынған болатын. Патшаның шығарған жарлығы жеткен аймақтардың барлығындағы яһудилер де ораза ұстап, еңіреп жылаумен болды. Олардың көбі азалы киім киіп, күл үстінде отырды. — Онда Сузыдағы барлық яһудилерді жинап, мен үшін ораза ұстаңыздар. Үш күн, үш түн бойы ішіп-жемеңіздер. Мен де қызметші қыздарыммен бірге сіздер сияқты ораза ұстаймын. Содан соң мұным заңсыз болса да, патшаның алдына барамын. Егер өлуге тиіс болсам, өлейін!
Выбор основного перевода