Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Бұл оқиға Ахасуер патшаның заманында болды. Ол Үндістаннан бастап Құш еліне дейін ұласқан жүз жиырма жеті аймаққа патшалық құрды. Осылайша үшінші айдың (демек сиван айының) жиырма үшінші күні патшаның хатшылары шақырылды. Олар Мардохайдың бұйырғандарының бәрі бойынша жаңа жарлықты патшалықтың Үндістаннан Құш еліне дейін ұласқан барлық жүз жиырма жеті аймағындағы яһудилерге, өлке әміршілері мен аймақ әкімдеріне және өзге де басшыларға арнап жазып берді. Жарлық әр аймаққа өзінің әліпбиімен және әр халыққа арнап өзінің тілінде, соның ішінде яһуди халқына арнап та өз тіліне аударылып, өз әліпбиімен жазылды. Бұған қоса патшаның мүддесін көздеп, аймақ әміршілерінің үстінен қарап, есеп алып отыратын үш уәзірді де бекітті. Сол үш уәзірдің біреуі Даниял болды.
Выбор основного перевода