Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Жаңа жарлыққа сай, әрбір қаладағы яһудилерге бас қосып, өздерін қорғауға патшаның рұқсат бергені мәлім болды. Яһудилер кез келген халықтың не аймақтың өздеріне және әйелдері мен бала-шағаларына шабуыл жасаған жасақшыларын жойып, оларды жоқ қылуға әрі солардың мал-мүлкін олжалауға құқықты болды. Яһудилер Ахасуер патшаның барша аймақтарында жиналып, өздеріне зұлымдық жасамақшы болғандардың бәріне шабуыл жасауға дайын тұрды. Бірақ яһудилерге қарсы тұра алатын ешкім болмады. Себебі халықтардың барлығы яһудилерден қорқып, оларды терең қастерледі. Бұлар яһудилердің қас жауы Хаманның ұлдары болатын. Бірақ та яһудилер дұшпандарының мал-мүліктеріне тиген жоқ. Содан Сузыдағы яһудилер адар айының он төртінші күні де бас қосып, қаладағы үш жүз жауының көзін құртты. Бірақ солардың мал-мүліктеріне тиген жоқ.
Выбор основного перевода