Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Басқа халықтар мұны естіп қорқып дірілдейді:Філістірдің елін ғаламат үрей билейді, Едомның әмірлері асып-сасып қалады,Моабтың көсемдері де қалшылдап қорқады,Қанахандықтардың түседі ұнжырғалары, Уа, Жаратқан, бәрін қорқыныш билеп, үрей басады,Меншікті халқың өтіп шыққанша жерлерінен,Зәрелері ұшады қолыңның құдіретінен,Тастай қатып тыныш отыр олар сол себептен. (Уәделі елге бет алған жолдарыңда) Мен алдарыңнан үрей тудырып, сендер тап болған әрбір халықты әбігерге түсіріп, барлық жауларыңды кері қашуға мәжбүрлеймін. оларға былай деді:— Жаратқан Иенің сіздерге осы елді бергеніне көзім жетті. Сіздерден төнген зор қорқыныш біздерді билеп алып, елдің күллі тұрғындарының зәрелері ұшып әлсіреуде. Сіздер Мысырдан шыққанда Жаратқан Иенің Қамысты теңіздің суын алдарыңыздан қалай құрғатқанын, әрі Иорданның арғы жағындағы аморлықтардың екі патшасы Сихон мен Огқа не істегендеріңізді, оларды қалай құртқандарыңызды естігенбіз. Осыны естігенде, сіздерден зәреміз ұшып, батылдығымыздан жұрдай болдық. Себебі сіздер сиынған Құдай Жаратқан Ие — көкте де, жерде де жалғыз Құдай. Жаңа жарлыққа сай, әрбір қаладағы яһудилерге бас қосып, өздерін қорғауға патшаның рұқсат бергені мәлім болды. Яһудилер кез келген халықтың не аймақтың өздеріне және әйелдері мен бала-шағаларына шабуыл жасаған жасақшыларын жойып, оларды жоқ қылуға әрі солардың мал-мүлкін олжалауға құқықты болды. Патшаның бұйырған жарлығы жеткен әрбір аймақ, қала және елді мекенде яһудилер мәз-мейрам болып мерекеледі. Елдегі халықтардың көптеген адамдары яһудилерден қорқып, оларды терең қастерлеп, ұлттастарына айналды. Содан Сузыдағы яһудилер адар айының он төртінші күні де бас қосып, қаладағы үш жүз жауының көзін құртты. Бірақ солардың мал-мүліктеріне тиген жоқ. Патшаның басқа аймақтарындағы яһудилер де өз өмірлерін қорғауға жиналған болатын. Олар жауларынан құтқарылып, өздерін жек көретін жетпіс бес мың дұшпанының көзін жойды. Алайда солардың мал-мүліктеріне тиген жоқ. Бұл адар айының он үшінші күні болды. Аймақтардағы яһудилер он төртінші күні демалып, сол күнді қуанышпен тойлауға арнады. Сузыдағы яһудилер болса, он екінші айдың он үшінші және он төртінші күндері дұшпандарына қарсы шығуға бас қосып, он бесінші күні демалды. Сондықтан олар айдың он бесінші күнін қуанышпен тойлайтын мереке етіп белгіледі. Маған мін таққандар ұялып, жоқ болсын,Қастық ойлаған олар ұятқа орансын! Иә, күн сайын әділдігің жайлы айтам:Маған қастық ойлағандар ұятқа батқан!
Выбор основного перевода