Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Құдай Иенің алдында, Оның өз есіміне арналған жер бетіндегі тұрағы ретінде таңдап алған орнында, сендер ұл-қыздарыңмен, қызметшілеріңмен, қалаларыңда тұрып жатқан леуіліктермен, араларыңдағы жат жұрттықтармен және жетім-жесірлермен бірге қуана мейрамдаңдар. Мейрамды ұл-қыздарыңмен, қызметшілеріңмен, қалаларыңда тұрып жатқан леуіліктермен, жат жұрттықтармен, жетім-жесірлермен бірге шаттана тойлаңдар. Нехемия: «Осымен барыңдар, дәмді тамақ жеп, тәтті сусын ішіңдер! Мерекелік ас дайындамағандарға үлестерін беріп жіберіңдер! Өйткені бүгінгі күн — Иемізге бағышталған қасиетті күн. Сонымен қайғырмаңдар! Себебі Жаратқан Иеге деген қуаныштарың сендерге күш-қуат беріп, паналарың болады!» — деп қосты. Содан бүкіл халық тарап кетті. Олар ішіп-жеп, мұқтаждарға сый тамақ жіберіп, зор қуанышқа бөленді. Себебі олар өздеріне түсіндірілген сөздерді енді жақсылап ұғып алды. Патшаның бұйырған жарлығы жеткен әрбір аймақ, қала және елді мекенде яһудилер мәз-мейрам болып мерекеледі. Елдегі халықтардың көптеген адамдары яһудилерден қорқып, оларды терең қастерлеп, ұлттастарына айналды. Себебі осы күндері яһудилер жауларынан құтқарылды. Сол айда уайымдары қуанышқа, қайғылары тойға айналған еді. Мардохай: «Осы күндер шаттана тойлап, бір-біріне сыйлық жіберіп, кедейлерге тартулар беретін күндер болсын!» — деп белгіледі. Олардың өліміне күнәкар дүниенің адамдары шаттанып, тойлап, бір-біріне сый-сыяпаттар жібереді. Себебі осы екі пайғамбар күнәкар адамзатқа азап әкелген болатын.
Выбор основного перевода