Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Он екінші айдың (яғни адар айының) он үшінші күні патша шығарған жарлық іске асуға тиіс болды. Осы күні яһудилердің жаулары оларға күш көрсетуге үміттенген болатын. Алайда бәрі де керісінше болып, яһудилер жауларына үстемдік құрып, оларды жеңіп шықты. Яһудилер Ахасуер патшаның барша аймақтарында жиналып, өздеріне зұлымдық жасамақшы болғандардың бәріне шабуыл жасауға дайын тұрды. Бірақ яһудилерге қарсы тұра алатын ешкім болмады. Себебі халықтардың барлығы яһудилерден қорқып, оларды терең қастерледі. Оларды жыл сайын адар айының он төртінші және он бесінші күндерін мейрамдауға шақырды.
Выбор основного перевода