Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Патшаның бұйырған жарлығы жеткен әрбір аймақ, қала және елді мекенде яһудилер мәз-мейрам болып мерекеледі. Елдегі халықтардың көптеген адамдары яһудилерден қорқып, оларды терең қастерлеп, ұлттастарына айналды. Мардохай осы болған оқиғаларды жазып қойып, Ахасуер патшаның бүкіл алыс-жақын аймақтарындағы яһудилердің бәріне хат жолдады. Оларды жыл сайын адар айының он төртінші және он бесінші күндерін мейрамдауға шақырды. Оны адамдар менсінбей, жалғыз қалдырды. Ол ауыр азап көріп, көп қасірет шегіп, жұрт бетін бұрып әкететіндей жиренішті болды. Оны біз де бағалаған жоқпыз. Барлығымыз адасқан қойлардай тентіреп, өз бетімізбен жүрдік. Ал Жаратқан Ие бәріміздің күнәларымызды Қызметшісінің мойнына артты. Бұл жерді сендер араларыңда қоныстанып, ұрпақ сүйген жат жұрттықтармен бірге мұралық меншік етіп бөлісіп алуларың керек. Мұндай жат жұрттықтарға жергілікті исраилдіктер ретінде қараңдар! Өздеріңмен бірге оларға да Исраил руларының арасынан бірдей үлес тиюге тиіс. Сол күні көптеген ұлттар Менімен тығыз байланысқа түсіп, Менің халқым болады. Мен сендердің араларыңда тұрамын». — Сол кезде сендер мені өздеріңе жіберген Әлемнің Иесі екенін анық білетін боласыңдар.
Выбор основного перевода