Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Біздің патшаларымыз бен жетекшілеріміз, діни қызметкерлеріміз бен ата-бабаларымыз Сенің Таурат заңыңды ұстанған жоқ. Сен оларға өсиеттерің мен ережелеріңді тапсырып, ескертіп отырсаң да, олар еш құлақ түрген жоқ. Ұры қолға түскенде масқара болатынындай, бүкіл Исраил елі: халық пен оның патшалары, әміршілері, діни қызметкерлері мен пайғамбарлары да масқара болады. Ұятымызға бола біз жерде жатырмыз әрі масқараның астында қалдық. Өйткені өздеріміз де, ата-бабаларымыз да Құдай Иемізге қарсы күнә жасадық. Жастық шағымыздан күні бүгінге дейін Құдайымыздың айтқандарына құлақ аспай келеміз. Біз (исраилдіктер) күнә жасап, іс-әрекетіміз әділетсіз болып келді. Біз зұлымдық жасап, Саған қарсы бас көтердік, бұйырған өсиеттерің мен заңдарыңнан бас тарттық. Патшаларымызға, әміршілеріміз бен ақсақалдарымызға, жалпы, еліміздің бүкіл халқына Сенің хабарларыңды жеткізген қызметшілерің — пайғамбарларды да тыңдамай кеттік.
Выбор основного перевода