Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
ал олар тұтқында жүрген сол жау елінде өкініп, теріс жолдарынан қайтып, «Біз күнәға баттық, жасаған істеріміз бұрыс та жексұрын болды!» — деп Сенің алдыңда мойынсұнса, Біз ата-бабамыздай күнә жасадық,Заңсыздық істеп, зұлымдыққа баттық. «Жаратқан Ие әділ, — дейді Иерусалим. —Мен Оның айтқанына бағынбаған едім.Бар халықтар, тыңдап, қараңдар азабыма,Жас жігіт-қыздарым менің кетті айдауға! Менің қанша азап шегіп келгенімеАударшы назарыңды, уа, Жаратқан Ие!Мен саған бағынбай, қарсы шыққандықтан,Жан дүнием менің алай-дүлей болған,Жүрегім де әбден тынышсызданған.Жол бойы семсер халқымды жалмауда,Үйлердің ішіне де ажал таяуда! Осылайша біз, бүкіл Исраил халқы, Сенің Таураттағы заңдарыңды бұзып, Саған мойынсұнудан бас тартып, сырт айналып кеттік.Сондықтан да күнә жасап келген біздің басымызға Құдайдың қызметшісі Мұса ежелде Тауратта жазып қалдырған қарғысқа және антпен бекітілген жазаға ұшырадық.
Выбор основного перевода