Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
О, Жаратқан Ие, құлақ асып тыңдай гөр, уа, Иеміз, көз салып назар аудара гөр! Сеннахиримнің Сені, мәңгі тірі Құдайды, балағаттап айтқан сөздеріне құлақ салшы! Алайда Сен Өзіңнің орасан зор рақымыңмен оларды иен далада тастап кеткен жоқсың. Күндіз жетелеп жүрген бағана тәрізді бұлт оларды жалғыз қалдырған жоқ, әрі түнде жүретін жолдарына жарық түсіретін жалындаған от бағанасы да кетіп қалған жоқ. О, Жаратқан Ие, құлақ асып тыңдай гөр, уа, Иеміз, көз салып назар аудара гөр! Сеннахиримнің Сені, мәңгі тірі Құдайды, балағаттап айтқан барлық сөздеріне құлақ салшы! Ойлаңдаршы, Мен тіпті Өзімнің атыммен аталған қаланың басына да апат түсіремін. Сонда өздеріңді жазадан құтыламыз деп ойлайсыңдар ма? Жоқ, құтылмайсыңдар, өйткені жер бетінің күллі тұрғындарына семсерді жіберемін! — деп нық айтады Әлемнің Иесі.
Выбор основного перевода