Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Бірақ Өзімнің қызметшімнің сөздерін іске асырып, пайғамбарларымның айтқандарын орындаймын. Мен Иерусалимге: «Жұрт сені қайтадан мекендейді!» деп уәде етіп, Яһуда елінің өзге қалаларына да: «Жаңадан салынасыңдар!» деймін. Иерусалимнің қираған ғимараттарын қайта қалпына келтіремін! «Құштық Әбдімәлікке бар да, оған былай де: Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны айтады: Мен осы қалаға жақсылық емес, апат әкелетінім туралы айтқан өз сөздерімді жүзеге асырайын деп отырмын. Сол сөздерім сенің көз алдыңда жүзеге асады. «Бұл сендерге әсер етпей ме, ей, қасымнанӨтушілер, жан-жаққа қарап, ЖаратқанҚаһары лап еткенде, мені қайғыртқанКезде тартқан жазамды басқа кім тартқан? Сенің сол жексұрын іс-әрекеттеріңе бола, Мен саған бұрын-соңды істемеген әрі бұдан былай ешқашан істемейтін бір нәрсені істеймін! Алайда Менің Өзіме қызмет етіп жүрген пайғамбарларым арқылы жеткізген сөздерім мен шешімдерім ата-бабаларыңның бастарына түсті ғой! Сонда олар теріс жолдарынан қайтып: «Әлемнің Иесі бізге жүрген жолдарымыз бен істеген істерімізге сай істеді. Ол қалай ниеттеніп, алдын ала айтқан болса, солай істеді», — деп мойындады.
Выбор основного перевода