Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Ата-бабалары сиынған Құдайы Жаратқан Ие Өзінің таңдап алған халқына және жер бетіндегі тұрағына жаны ашып, қайта-қайта хабаршыларын жіберіп, оларға ескертіп келген еді. Алайда олар Құдайдың хабаршыларын мазақ қылып, сөздеріне күліп, пайғамбарларын келекелей берді. Ақыр соңында Жаратқан Ие өз халқына әбден қаһарланды. Оларды енді аман қалдырудың ешбір шарасы қалмады. Кезінде Өзіңе қызмет еткен пайғамбарлар арқылы Сен мынадай бұйрықтар берген болатынсың:«Өздерің еніп, иемденейін деп жатқан осы ел сонда әзірше тұрып жатқан ұлттардың жексұрын да жалған тәңірлерінің кесірінен арамдалған. Сол ұлттар жексұрын іс-әрекеттерімен елді бір шетінен екінші шетіне дейін арамдап тастаған. Біздің патшаларымыз бен жетекшілеріміз, діни қызметкерлеріміз бен ата-бабаларымыз Сенің Таурат заңыңды ұстанған жоқ. Сен оларға өсиеттерің мен ережелеріңді тапсырып, ескертіп отырсаң да, олар еш құлақ түрген жоқ. Ата-бабаларың Мысырдан шыққалы бері осы күнге дейін сендерге қайта-қайта өз қызметшілерім — пайғамбарларды жіберіп отырдым. Бірақ халық Мені тыңдаған да жоқ, сөздеріме ден қойған да жоқ. Олар қыңырланып, тіпті өз ата-бабаларынан бетер көп күнә жасады. О, Тәңір Ием, Өзіңе қарсы күнә жасағанымызға бола барлығымыз да, патшаларымыз, әміршілеріміз бен ақсақалдарымызды қоса, түгелдей қара бет болдық. Алайда Менің Өзіме қызмет етіп жүрген пайғамбарларым арқылы жеткізген сөздерім мен шешімдерім ата-бабаларыңның бастарына түсті ғой! Сонда олар теріс жолдарынан қайтып: «Әлемнің Иесі бізге жүрген жолдарымыз бен істеген істерімізге сай істеді. Ол қалай ниеттеніп, алдын ала айтқан болса, солай істеді», — деп мойындады.
Выбор основного перевода