Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Иә, Әлемнің Әміршісі Жаратқан Ие бұл үкімін бүкіл жерде іске асырады. Бірақ оның жіберген жасақшылар бөлімі қамалмен бекінген киелі үйге басып кіріп, оны арамдайды. Олар Құдайға арналған күнделікті құрбандық шалуды тоқтатып, киелі үйде оны қаңыратып бос қалдыратын жексұрын нәрсені орнатады. Солтүстіктің әлгі патшасы өз бетімен жүріп, тым паңданады. Сонда ол өзін әрбір тәңірден де жоғарымын деп санап, тіпті «тәңір» атаулының үстіндегі Құдайдың Өзіне қарсы небір балағат сөздер айтады. Құдай қаһарлы үкімін жүзеге асырғанша бұл патша онысымен табысты болады. Себебі сол алдын ала белгіленген оқиғалар орындалуға тиіс. Ендеше, бір кезде сендер, Даниял пайғамбар алдын ала айтқандай, киелі үйді арамдап бос қалдыратын жексұрын нәрсенің сол қасиетті орында тұрғанын көретін боласыңдар. — Мұны оқып отырған әркім мәнісін ұғып алсын! — Бір кезде сендер (Даниял пайғамбар алдын ала айтқандай, Құдайдың киелі үйін) арамдап бос қалдыратын жексұрын нәрсенің тұрмауға тиісті орында тұрғанын көретін боласыңдар. — Мұны оқып отырған әркім соның мәнісін ұғып алсын! — Сонда Яһудея аймағында тұратындар дереу тауларға қашып құтылсын! Ал Иерусалим қаласын әскерлер қоршап алғанын көрсеңдер, оның ойрандалатын кезінің жақындап қалғанын білесіңдер.
Выбор основного перевода