Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
«Парсы патшасы Кирдің бұйрығы мынау: Көктегі Құдай — Жаратқан Ие маған жер бетіндегі барлық патшалықтарды тапсырды. Ол мені Яһуда жеріндегі Иерусалим қаласында Өзіне арнап киелі үй салуға да тағайындады. Араларыңдағы Оның халқына жататын әр адам сол жаққа өрлеп барсын! Құдайы Жаратқан Ие оған жар бола көрсін!» Араларыңдағы Оның халқына жататын әр адам Яһудадағы Иерусалимге өрлеп барып, Исраилдің Құдайы Жаратқан Иеге, яғни (жер бетіндегі тұрағы) Иерусалимде болатын Құдайға, арнап киелі үй салсын! Баратын әркімге Құдайы жар бола көрсін! Сонымен Иерусалимде Құдайдың киелі үйінің құрылысы доғартылды. Ол парсы патшасы Дарийдің билік жүргізген екінші жылына дейін тоқтап тұрды. Артақсерікс патшалық құрған жиырмасыншы жылдың сәуір айының бір күні патшаның шарап ішетін кезі келгенде мен шарапты тостағанға құйып, патшаға ұсындым. Бұған дейін мен ешқашан да патшаның алдында көңілсіз болған емес едім. Патша маған:— Ауырып тұрғанға ұқсамайсың, неге соншама көңілсізсің? Жан дүниең бір нәрсеге қатты қайғырып тұр ғой! — деген сұрақ қойды. Мен қатты қорқып кеттім. Патшаға жауап беріп:— Патша ағзам көп жасасын! Ата-бабаларымның қабірлері орналасқан қала қирап бос жатыр, әрі қақпалары өртеліпті! Солай болғанда бет-жүзімнің қалайша көңілсіз болмауы мүмкін? — дедім. Патша маған:— Онда қандай өтінішің бар? — деген сауал қойды. Мен көктегі Құдайға іштей сиынып алып, патшаға былай деп жауап қаттым:— Егер патша ағзам мақұл көріп, алдындағы қызметшісіне ризашылықпен қараса, онда мені ата-бабаларымның қабірлері жатқан қаланы қайтадан тұрғызуға Яһуда аймағына жібере көрсе екен. — Патша менен:— Сонда баруға саған қанша уақыт керек болады? Қашан қайтып келесің? — деп сұрады. Мен оған қанша уақыт кететінін айтқанымда, патша мені жіберуді жөн көрді. Оның жанында патшайым да отырды. Мен патшаға тағы мына тілегімді де білдірдім:— Уа, патшам, егер мақұл көрсеңіз, маған Батыс Евфрат өлкесі арқылы өтіп, Яһудаға жету үшін сол өлкедегі әміршілерге арнап рұқсат хаттарын жаздырып берсеңіз игі болар еді. Сондай-ақ, ғибадатхананың қасындағы қорғанның қақпаларын, қаланың қабырғасын және өзіме үй салдыру үшін бөренелер берсін деп патшаның орманын басқарушы Асафқа арналған бір хатты да жаздырып берсеңіз екен.Құдайдың шапағатты мейірімімен патша осы сұрағандарымның бәрін де берді. Сонда Саған ұнамды пәк тартуларШалынбақ һәм өртелетін құрбандықтар,Үстеліңе торпақтар да ұсынылмақ,Сенің жолыңа солар бағышталмақ. Себебі Сәби дүниеге келді,Біз үшін осы Ұл сыйға берілді!Билік Оның қолында қала береді:Ол «керемет ақылды Кеңесші,Құдіретті Құдай, Мәңгілік Әке,Тыныштықты сыйлайтын Әмірші»Деп те аталатын болады. Жақия олардың екеуін шақырып алды да, Иеміз Исаға жіберіп, Одан: «Келетіні ежелден-ақ уәде етілген Құтқарушымыз шынымен Сізсіз бе? Әлде басқа біреуді күтуіміз керек пе?» — деп сұратты. Ол ең алдымен ағасы Шимонды тауып алып:— Біз Мәсіхтің Өзін таптық! — деді. Ал «Мәсіх» Құдай тағайындаған Құтқарушы Патша дегенді білдіреді. Сонда әйел:— Мәсіх деген Құтқарушы Патшамыздың келетінін білемін. Ол келгенде бізге бәрін ашық айтып береді, — деді.
Выбор основного перевода