Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Патша ағзам мақұл көрсе, патшалық жарлық шығарылсын. Жарлық парсылар мен мидиялықтардың өзгертуге болмайтын заңдарына тіркеліп қосылсын. Онда Астиннің бұдан былай Ахасуер патшаның алдына келуіне болмайды деп жазылсын. Ал патша одан гөрі лайықты басқа бір патшайымды таңдап алсын. Енді сендер патшаның атынан яһудилер туралы өздерің мақұл көргендеріңді жазып, соны патшаның мөрлі жүзігімен бекітіңдер! Өйткені патшаның атынан жазылып, патшаның мөрлі жүзігімен бекітілген ешбір жарлықтың күшін жоюға болмайды. Олар патшаның алдына барып, оның шығарған жарлығы туралы айта келіп:— Уа, патша! «Кімде-кім отыз күндік мерзім ішінде өзіңізге емес, бір тәңірге не пендеге бас ұрып, өтініш жасаса, сол адам арыстандардың апанына тасталсын!» деп жарлық шығармап па едіңіз? — деген сауал қойды. Патша:— Дұрыс, бұл жарлық мидиялықтар мен парсылардың заңына сәйкес бекітілді, оны ешкім де өзгерте алмайды! — деп жауап берді. Алайда манағы қызметкерлер қайтадан патшаның алдына жиналып:— Уа, патша, есіңізден шығара көрмеңіз, мидиялықтар мен парсылардың заңына сәйкес, патша шығарған жарлық пен ережені ешқандай өзгертуге болмайды! — деп ескертті.
Выбор основного перевода