Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Жаратқан Ие мәңгі бақи Патша болады,Бойсұнбайтын ұлттар Оның елінен жоғалады. Жаратқан Ие — Патша, Ол билік жүргізуде,Ұлылыққа бөленіп, кенелген құдіретке.Орнынан қозғалмастай берік орнатылған әлем, Сенің құрметті «тағың» ежелден бекітілген,Уа, Ием, мәңгі бақи бар болып келесің Сен. Жаратқан Иеміз патшалық құрады,Керубтер арасындағы «тағында» отырады.Халықтар Оны қастерлеп қалшылдасын,Жер де Тәңір Иеден қорқып шайқалсын! Алайда сол патшалардың заманында көктегі Құдай бір Патшалықты орнатады. Сол патшалық ешқашан күйремейді, Құдай бөтен халықтың оны жаулап алуына да жол бермейді. Қайта, осы Патшалық басқа барлық патшалықтарды біржола қиратып, өзі мәңгі берік тұрады. Сондықтан мен түсімнің мағынасын жорып берсін деп Бабылдағы барлық білімпаздарды алып келуге бұйырдым. «Сол мерзім біткен соң мен, Набуходоносор, көктегі Құдайға бет бұрдым. Сонда ақыл-санам өзіме қайта оралды. Мен мәңгі тірі Алла Тағаланы мадақтап, дәріптеп, Оған шүкірлік айттым.Оның билігі мәңгілік, Патшалығы ұрпақтан ұрпаққа мәңгі жалғаса береді. Оған құдірет, салтанатты ұлылық және патшалық билік тапсырылды. Барлық халықтар, ұлттар және тілдердің адамдары Оған бой ұсынып құрмет көрсетуге тиіс болды. Ол ешқашан өшпейтін мәңгілік билік құрады, Оның патшалығы еш уақытта жойылмайды! Содан соң аспан астындағы бүкіл патшалықтардың билігі, құдіреті және салтанатты ұлылығы Құдай Тағалаға бағышталған халыққа тапсырылады. Оның Патшалығы мәңгілікке орнайды. Билеуші атаулының бәрі де Оған сиынып, мойынсұнатын болады».
Выбор основного перевода