Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
онда сол адамның өз бауырына тартқызайын деген жазасын оның өзіне тартқызыңдар! Зұлымдықты араларыңнан осылайша аластатыңдар! Бірақ сол қылмыскерлердің балаларын өлтірткен жоқ. Амасиях мұны Жаратқан Иенің Мұса арқылы тапсырған Таурат заңы кітабында берген мына бұйрығына сай істеді: «Не балаларының істері үшін әкелерін, не әкелерінің істері үшін балаларын өлімге кесуге болмайды. Әркім тек өз қылмысы үшін ғана өлімге кесіледі». Алайда Құдай маған жар болады,Жаратқан Ие жан дүниемді нығайтады, Сұмдығының есесін жауыма қайтарады.Ием, адалдығыңа сай оларды талқандашы. Ор қазған қаскүнем орына өзі құлар,Өрге домалатқан тасы өзін басар. Әділді адастырған теріс жолғаӨз торына өзі түсер жан,Ие болар ақырында жақсылыққаКінәратсыз, адал жан. Таң атқанға дейін мен төзіп шыдадым,Арыстан сүйегімді сындырғандай ауырдым,Ымыртта жанымды аласың деп ойладым.
Выбор основного перевода