Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Әділдерді Жаратқан құтқарып алады,Пәлеге тап болса, оларға пана болады, Жаратушы оларды қолдап құтқарады,Зұлымдардың қолынан босатып алады,Өйткені әділдер Оған үміт артады. Седекиях патша оларға:— Ол сендердің қолдарыңда. Патша сендерге қарсы ештеңе істей алмайды ғой! — деп жауап берді. Біз: патшалықтың уәзірлері, қолбасшылары, аймақ әміршілері, кеңесшілері және әкімдері бәріміз ақылдаса келіп, патша ағзам мынадай заңды қабылдап, жарлық шығарса, тиімді болар еді деген қорытындыға келдік: Кімде-кім отыз күндік мерзім ішінде өзіңізге емес, уа, патша иеміз, бір тәңірге не пендеге бас ұрып, өтініш жасаса, сол адам арыстандардың апанына тасталсын! Апанға жақындап қалғанда мұңды дауыспен:— Ей, Даниял, тірі Құдайдың құлы! Өзің үздіксіз қызмет етіп келген Құдайың сені арыстандардан құтқара алды ма? — деп сұрады. Сонда Даниял былай деп жауап берді:— Уа, патша ағзам, өміріңіз ұзақ болсын! Неге десеңдер, өзім қызмет етіп, Соның меншігімін деп жүрген Құдайымның бір періштесі өткен түні қасымда пайда болып былай деді: Мұндай қорқынышты ажал қаупінен Ол бізді құтқарып алды және әлі де құтқаруда; сондай-ақ болашақта да құтқаратын болады деп Оған нық сенім артамыз.
Выбор основного перевода