Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Содан Хаман Ахасуер патшаға былай деп ұсыныс жасады:— Сіздің патшалығыңыздың күллі аймақтарындағы өзге халықтардың арасына шашырап кеткен, бірақ солармен араласпайтын бір ұлт бар. Бұл ұлттың әдет-ғұрыптары барлық басқалардікінен өзгеше. Олар патшаның заңдарын да орындамайды! Оларды осылай қалдыра беру патша ағзамның мүддесіне қарсы. Яһуда руынан таңдап алынған жасөспірімдер арасында Даниял, Хананиях, Мишаел, Азариях деген балалар бар еді. Осы арада өзіңіз Бабыл аймағының басқарушылары етіп тағайындаған Шадырақ, Мисақ пен Әбдінего деген яһудилер бар. Олар не сіздің берген әміріңізді менсінбейді, не тәңірлеріңізге ғибадат етпейді, не өзіңіз орнатқан алтын мүсіннің алдында иіліп тағзым етпейді! Сонда Даниял патшаның алдына әкелінді. Патша оған:— Атам Набуходоносор патша Яһуда елінен жер аударып алып келгендердің бірі — Даниял, осы сен емес пе едің? Петір мен өзге елшілер былай деп жауап берді:— Адамдарды емес, Құдайды көбірек тыңдау керек қой!
Выбор основного перевода