Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Жұлдызшылар патшаға арамей тілінде:— Уа, патша ағзам, өміріңіз ұзақ болсын! Бізге түсіңізді айтып беріңіз, сонда оны сізге жорып береміз! — деп жауап қайтарды. Содан уәзірлер мен аймақ әміршілері бір айла тауып, патшаның алдына жиналып, былай деді:— Уа, Дарий патша, өміріңіз ұзақ болсын! Біз: патшалықтың уәзірлері, қолбасшылары, аймақ әміршілері, кеңесшілері және әкімдері бәріміз ақылдаса келіп, патша ағзам мынадай заңды қабылдап, жарлық шығарса, тиімді болар еді деген қорытындыға келдік: Кімде-кім отыз күндік мерзім ішінде өзіңізге емес, уа, патша иеміз, бір тәңірге не пендеге бас ұрып, өтініш жасаса, сол адам арыстандардың апанына тасталсын!
Выбор основного перевода