Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Енді мен нық білемін: Жаратқан Ие барлық тәңір атаулыдан ұлы! Олар Исраилге қарсы көтерілгенде Ол Өзінің құдіретінің басым екенін көрсетті», — деді. Құдай — Қорғанымыз жартастай мықты,Мүлтіксіз Оның іс-әрекеттері,Барлық жолдары Оның әділетті,Құдай сенімді, жоқ еш жалғандығы,Әрдайым Ол әділ әрі шынайы! Өйткені Жаратқанның сөзі шынайы,Ол бар істерін адалдықпен жасайды, Иеміз әділет пен әділдікті қалайды,Оның рақымына толы жердің барлығы. Жаратқанның істері адал да әділетті,Оның бұйрықтары да түгел сенімді, Менмендік адамның мерейін түсірер,Кішіпейілдік оны құрметке жеткізер. Бірақ жүрегі тым тәкаппар болып қасарысқан кезде Набуходоносор патша тағынан айырылып, бар салтанатынан жұрдай болды. Керісінше, Көктің Иесіне қарсы бас көтердіңіз! Оның киелі үйінен тонап алынған ыдыстарды алдыртып, солармен басшы-ұлықтарыңыз, әйелдеріңіз әрі кәнизактарыңызбен бірге шарап іштіңіз, оның үстіне күміс, алтын, қола, темір, ағаш және тастан жасалған, ештеңені көріп-естімейтін әрі түсінбейтін тәңірсымақтарды мадақтап отырдыңыз. Алайда өміріңіз бен барлық жолдарыңызды қолында ұстап отырған Құдайға ешқандай мадақтау айтқан жоқсыз! Ол қолының құдіретін танытып,Асқақ ниеттілерді шашыратады, Сендерге шын айтамын: екеуі үйлеріне қайтқанда, парызшылды емес, салықшыны Құдай кешіріп, ақтаған еді. Өйткені өзін-өзі жоғарылатқан әркім төмендетіледі, ал өзін төмен ұстаған жоғарылатылады. Олар Құдайдың қызметшісі Мұсаның жырын және Тоқты жөніндегі жырды айтып тұрды:«Уа, Құдай Ие, бүкіл әлемнің Билеушісі,Сенің істерің керемет те ұлы!О, халықтардың мәңгілік Патшасы,Сенің жолдарың әділ де шынайы!
Выбор основного перевода