Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Ертеңінде ол жанын қоярға жер таппай, Мысырдың барлық балгерлері мен білімпаздарын алдыртып, көрген түстерін айтып берді. Алайда олардың ешқайсысы да патшаның түстерін жорып бере алмады. Перғауын Жүсіпке:— Мен түс көрдім, бірақ оны ешкім де жори алмай отыр. Сен туралы түс жори аласың деп естідім, — деді. Жаңағы төрт жасөспірімге Құдай білім және әдебиет пен даналықтың барлық жағын да үйренуге зеректік сыйлады. Ал Даниял оның үстіне әр түрлі аяндар мен түстердің мағынасын түсінетін ерекше дарынға да ие болды. Сәуегейлер, балгерлер, жұлдызшылар және сиқыршылар алдыма келгеннен кейін түсімді айтып бердім, бірақ олар оның мағынасын жорып бере алмады. — Ей, Балташазар, білімпаздардың үстінен қарайтын басшы! Саған киелі тәңірлердің рухы қонғандықтан, сен шеше алмайтын құпияның жоқ екеніне көз жеткіздім. Мына түсімді тыңдап, ондағы көріністерді жорып берші. Патшаның шақырған білімпаз адамдарының бәрі алдына келді, бірақ ешқайсысы да жазуды не оқи, не түсіндіре алмады. Мына жазуды оқып, түсіндіріп берсін деп алдыма келтірілген білімпаздар мен балгерлердің ешбірі соны істей алмады. Даниял (Құдайдың Рухы дарытқан) асқан қабілетінің арқасында өзге екі уәзір мен аймақ әміршілерінен озық шықты. Сондықтан патша оны бүкіл патшалықты басқарушы етіп қоюды ойлады.
Выбор основного перевода