Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Уа, Жаратқан жауды қара бет қылып масқарала,Олар Саған бұрылып, сиынсын атыңа. Ал қыңырлары лайым қысылып абыржысын,Олар қорланып, ақырында өлім құшсын, Жаратқан Ие деп аталған жалғыз СеніңБүкіл жер бетіне билік жүргізетінХақ Тағала екеніңді барлығы білсін! Мен ғаламат құдіретіммен және алға созған қолыммен әлемді әрі жер бетіндегі адамдар мен хайуандарды қоса жараттым. Оларды қалаған адамыма тапсырамын. Ол адамдардың арасынан аластатылып, ақыл-есі өзгеріп, хайуандікіндей болып қалды. Сонда құландармен бірге даланы мекендеп, өгіз сияқты шөппен қоректеніп, шыққа малынып жүрді. Ол Алла Тағаланың пенделердің патшалықтарына үстемдік жүргізіп, оларға Өзі қалаған кісісін басшылыққа тағайындайтынын ұққанға дейін ол сондай күйінде қалды.
Выбор основного перевода