Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Төсегімде жатып түсімнің жалғасын көре бердім. Кенет аспаннан бір қасиетті хабаршы түсіп келе жатыр екен! Хабаршы зор дауыспен былай деп жар салды: «Ағашты кесіп, бұтақтарын шауып тастаңдар! Жапырақтарын жұлып, жемістерін шашып тастаңдар! Ағаштың көлеңкесіндегі аңдар мен бұтақтарындағы құстар қашып кетсін! Бірақ оның түбірі мен тамырларын темір, қола кісендермен бұғаулап, даладағы шөптердің арасында қалдырыңдар! Сонда ол шыққа малынып, аңдармен бірге көк шөпті даланы мекендеп қала берсін! Оның санасы ауысып, адамдікі емес, аңдардікі болсын. Сондай күйде ол басынан жеті кезеңді өткізсін. Бұл шешімді мәлімдеп, үкімді жариялаған — бәрін күзететін қасиетті хабаршылар. Осылайша пенделердің патшалықтарына Алла Тағаланың үстемдік жүргізетінін барлық тірі жан атаулы ұғатын болады. Ол билікті Өзі қалаған кісісіне табыстап, ең төменгі пендені де басшылыққа тағайындай алады». Ол адамдардың арасынан аластатылып, ақыл-есі өзгеріп, хайуандікіндей болып қалды. Сонда құландармен бірге даланы мекендеп, өгіз сияқты шөппен қоректеніп, шыққа малынып жүрді. Ол Алла Тағаланың пенделердің патшалықтарына үстемдік жүргізіп, оларға Өзі қалаған кісісін басшылыққа тағайындайтынын ұққанға дейін ол сондай күйінде қалды.
Выбор основного перевода