Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Сен өкілдерің арқылы Мені, Жасаған Иені, балағаттап, тағы былай деп паңдана мақтандың: «Мен көптеген соғыс күймелеріммен таулардың зәулім бастарына, тіпті Ливанның ең алшақ баурайларына көтерілдім. Ең биік деген самырсын және ең таңдаулы қарағай ағаштарын шауып құлаттым, ең заңғар шыңдарға, ормандардың ең қалың түбіне дейін жеттім! Бөтен елдерде құдық қазып, суын іштім. Басқан табаныммен Мысырдың барлық өзендерін құрғатамын!» деп те көкідің. Сіз адамдардың арасынан аластатылып, аңдармен бірге даланы мекендеп, өгіз сияқты шөппен қоректеніп, шыққа малынып тұратын боласыз. Сонымен сіз Алла Тағаланың пенделердің патшалықтарына үстемдік жүргізіп, билікті Өзі қалаған кісісіне табыстайтынын ұққанға дейін жеті кезең өтетін болады. Бірақ жүрегі тым тәкаппар болып қасарысқан кезде Набуходоносор патша тағынан айырылып, бар салтанатынан жұрдай болды. Ол адамдардың арасынан аластатылып, ақыл-есі өзгеріп, хайуандікіндей болып қалды. Сонда құландармен бірге даланы мекендеп, өгіз сияқты шөппен қоректеніп, шыққа малынып жүрді. Ол Алла Тағаланың пенделердің патшалықтарына үстемдік жүргізіп, оларға Өзі қалаған кісісін басшылыққа тағайындайтынын ұққанға дейін ол сондай күйінде қалды. Паңданып кеткен жауға қарашы, оның ой-ниеті адал емес. Ал әділ адам сенімі арқылы шынайы өмір сүреді.
Выбор основного перевода