Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
былай деді:«Жаратқан Ие келген еді Синайдан,Үстімізге көтеріліп Сейір тауынан,Әрі шұғыласын шашып Паран тауынан.Сан мыңдаған Өзіне бағышталғандарменКелді оңтүстіктен, тау етектерінен. Иені қастерлейтіндерді қоршап тұрадыОның періштесі, ол соларды құтқарады. Періштелеріне Ол сен жайлы бұйрық береді:Қай жолмен жүрсең де, олар сені қорғап күзетеді, Сіз түсіңізде көрген биік, мықты болып өсіп, ұшар басы аспанға жетіп, жердің түкпір-түкпіріне дейін көрінетін, Ал түсіңіздегі «Ағаш түбірі мен тамырларын қалдырыңдар!» деген бұйрық мынаны білдіреді: патшалық билігіңіз өзіңізден біржолата алынбайды. Сіз бәріне де үстемдік жүргізушінің көктегі Құдай екенін ұққан кезде билік өзіңізге қайтарылып беріледі. Белшазардың Бабыл еліне билік құрған бірінші жылы Даниял төсегінде жатқанда түсінде түрлі көріністер көрді. Содан ол түсінің мазмұнын жазып қалдырды. Содан соң мен екі қасиетті періштенің өзара сөйлесіп, біреуінің былай деп сұрағанын естідім:— Осы көріністе көрсетілген оқиғалар орындалғанға дейін қанша уақыт өтпек? Күнделікті құрбандық ұсынуды тоқтатып, киелі үйді арамдап бос қалдырған бас көтеру қашанға дейін созылмақ? Киелі үй мен «көктің әскері» қашанғы аяқ асты етілмек? — Сендер Менің тауларымның аңғарымен қашып құтыласыңдар, себебі сол аңғар Аселге дейін созылатын болады. Сендер жұрт Яһуда патшасы Ұзияхтың заманында болған жер сілкінісінен қашқандай қашасыңдар. Сонда менің Құдайым — Жаратқан Ие Өзіне бағышталған барлық қасиетті нөкерлерін ертіп келеді.
Выбор основного перевода