Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Ол жарлыны күл-топырақтан көтереді,Мүсәпірді мүшкіл күйінен құтқарады,Әміршімен бірге төрге отырғызады,Сыйлы орынды оған мұралыққа береді.Себебі жердің негізі — Жаратқанның меншігі,Ол үстіне орнатқан бүкіл дүниені. Ием әділ үкім айтып, Өзін ашық танытты,Зұлымдар айлалы істерінің кесірін тартты. Құдай тозаңнан кедейді жоғарылатар,Күл-қоқыстан мұқтажды көтеріп алар. Оларды әміршілермен бірге отырғызар,Халқының көсемдерімен жайғастырар. Мен ғаламат құдіретіммен және алға созған қолыммен әлемді әрі жер бетіндегі адамдар мен хайуандарды қоса жараттым. Оларды қалаған адамыма тапсырамын. Уа, патша, Алла Тағала атаңыз Набуходоносорға патшалық билік пен ұлылық, даңқ, қадір-құрмет пен салтанат сыйлаған еді. Осындай ұлылыққа ие болған атаңыздан күллі ұлттар, халықтар мен тілдердің адамдары дірілдеп қорқатын. Патша өзі қалаған кісілерін не өлімге кесіп, не тірі қалдырып отырды, әрі өз еркіне сай олардың дәрежелерін не көтеріп, не төмендететін. Ол адамдардың арасынан аластатылып, ақыл-есі өзгеріп, хайуандікіндей болып қалды. Сонда құландармен бірге даланы мекендеп, өгіз сияқты шөппен қоректеніп, шыққа малынып жүрді. Ол Алла Тағаланың пенделердің патшалықтарына үстемдік жүргізіп, оларға Өзі қалаған кісісін басшылыққа тағайындайтынын ұққанға дейін ол сондай күйінде қалды. Оның орнына патшалық қадір-құрмет бұйырылмаған бір жексұрын адам солтүстік патшалыққа билік құрады. Ол бейбіт кезде барып, патшалықты айлакерлікпен қолына түсіріп алады.
Выбор основного перевода