Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие Һаронға қайтадан тіл қатып былай деді: «Біліп қой, Мен исраилдіктердің Өзіме жасайтын сый-тартуларын бақылауды саған тапсырдым. Олардың Өзіме көтеріп ұсынатын тартуларын Мен саған және ұрпақтарыңа арналған үлестерің әрі тұрақты құқықтарың етіп сыйладым. (Маған бағышталған) тартулардың отқа өртелмейтін бөлігі сендердің үлестерің болады. Ол не астық тартуы, не күнәнің құнын өтейтін құрбандық, не айыпты өтеу құрбандығы болсын, халықтың Маған бағыштаған ерекше киелі тартуларының осы бөліктері сенің өзіңе және ұрпақтарыңа тиісті. Осылайша Мен исраилдіктердің Жаратқан Иеге алып келетін барлық киелі тартуларын тұрақты түрде сенің өзің мен ұл-қыздарыңа сыйладым. Бұл — өзіңе және отбасыңа арнап Жаратқан Ие жасаған ешқашан бұзылмауға тиіс Келісім».
Выбор основного перевода