Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол кезде оның барлық қалаларын қолға түсіріп, олардың күллі тұрғындарын Жаратқан Иеге бағыштап жойып, бірде-бір еркек, әйел, бала-шағасын тірі қалдырмадық. Құдайларың Жаратқан Ие оларды қолдарыңа түсірген кезде қаладағы барлық еркектерді семсердің жүзімен құртыңдар, ал әйел, бала-шаға, мал-мүлікті өздеріңе алуға болады. Құдай Иеміз қолдарыңа табыстаған жауларыңның олжасын алып, өз қажеттеріңе жаратуларыңа болады. Қанахан елінен алыста орналасқан, осындағы халықтарға жатпайтын қалаларға осылай істеңдер. Бірақ Құдайларың Жаратқан Ие өздеріңе иемденуге беріп отырған елдегі халықтардың қалаларында ешбір жан иесін тірі қалдырмаңдар! Керісінше, Құдай Ие сендерге әмір бергендей, хеттіктер, аморлықтар, қанахандықтар, перездіктер, хевтіктер және ебустіктерді түгелдей құртуға тиіссіңдер. Ал Ешуа елді барлап келген екі адамға: «(Бұрынғы) жеңіл жүрісті әйелдің үйіне барып, өздеріңнің антпен берген уәделеріңе сай, өзін және қасындағыларының бәрін сол жерден шығарып алып келіңдер!» — деп жіберген болатын. Сол күні қаза тапқандардың жалпы саны, еркегі мен әйелін қосқанда, он екі мың, демек, Айдың күллі адамдары болды. Енді барып, амалектіктерді шап! Олардағылардың бәрін (Маған бағыштап) түгелімен қырып-жой! Еш аямастан еркектері мен әйелдерін, балалары мен нәрестелерін, ірі қара мен ұсақ малдарын, түйелері мен есектерін құрт!»
Выбор основного перевода