Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал леуіліктер қостарын киелі шатырды айналдыра тіксін. Осылай олар исраилдіктердің қауымын (киелі шатырға абайламай жақындап Құдайдың) қаһарына ілігіп қалудан қорғайтын болады. Осылайша леуіліктер Келісімнің айғақтары сақталған киелі шатырды қорып, қызметтерін атқаратын болады. Леуіліктер діни қызметкер Һарон және бүкіл халық үшін кездесу шатырының алдындағы күзету және қызмет ету жұмыстарын атқаратын болсын. Олар кездесу шатырының барлық құрал-жабдықтарына күтім жасап, осылай Исраил халқына жүктелген киелі шатырдағы қызмет ету міндетін орындайтын болады. Герсондықтар киелі кездесу шатырында мына міндеттерді орындауға тағайындалды: шатырдың өзіне жабындарымен қоса, сондай-ақ кіреберісіндегі шымылдыққа, Леуіліктер сендерге қызмет етіп, киелі шатырға байланысты барлық міндеттерін атқаратын болсын. Алайда олар киелі шатырдағы құрал-жабдықтарға және құрбандық үстеліне жақындаушы болмасын, әйтпесе олар да, өздерің де өлесіңдер. Олар қасыңда болып, кездесу шатырын күзетіп, ондағы барлық міндеттерін орындасын. Ал бөтен ешкім сендерге жақындап келуші болмасын.
Выбор основного перевода