Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұса Манаса руының бір жартысына меншікті жерін Башан аймағынан бөліп берген болатын, әрі Ешуа сол рудың қалған жартысына жерді бауырлас руларымен бірге Иордан өзенінің батыс жағынан үлестіріп берген еді. Ешуа (шығыс жақтағы) қоныстарына қайтатын руларға ақ батасын бергенде тағы былай деді:— Үйлеріңе орасан зор байлықты: отар-табындар, күміс, алтын, қола, темірді, көптеген киім-кешекті алып, қайта беріңдер. Жаудан түскен осы олжаны ағайын-тумаларыңмен бөлісіңдер! Сендердің бұл ұсыныстарыңа кім құлақ түреді?Қайта, үлестері бірдей болсынҚарауылда қалғанның,Һәм шайқасқа да аттанғанның,Олжа бәріне бірдей бөлінсін!
Выбор основного перевода