Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Арамданбаған басқа бір адам өртелген баспақтың күлін жинап алып, оны ел қонысының сыртындағы бір таза жерге апарып сақтап қойсын. Осы күл исраилдіктердің жамағаты үшін тазару рәсімінің суында қолдануға сақтала берсін. Бұл рәсім күнәдан тазарту үшін жасалады. Осындай арамданған адамды тазару рәсімінен өткізу үшін алдымен шалынып, өртелген жирен баспақтың біраз күлін ыдысқа салып, үстіне ағынды судан құйсын. Арамданбаған бір адам сайсағыздың бір бұтақшасын ыдыстағы суға малып алып, сонымен суды сол үйге, ондағы бұйымдар мен адамдардың бәріне бүріксін. Ол, сондай-ақ, өлген адамның сүйегіне, қаза тапқан не өз ажалымен өлген адамның мәйітіне немесе қабіріне жанасқан әркімге арнайы суды бүркіп себуі қажет.
Выбор основного перевода