Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал Исраилдің көші Шиттим деген жерде тұрған кезде, халық моабтық қыздармен азғындық жасай бастады. Бұлар халықты өздерінің жалған тәңірлеріне арнаған құрбандықтарына шақырған еді. Исраилдіктер солардан дайындалған тамақты жеп, моабтықтардың жалған тәңірлеріне иіліп табынды. Осылай исраилдіктер пеғорлық Бағал атты жалған тәңірге мықтап беріліп кетті. Содан Жаратқан Иенің қаһары Исраил халқына қарсы лаулады. Ол Мұсаға былай деді: «Осы халықтың барлық басшыларын ұстап алып, оларды күндіз Менің, Жаратқан Иенің, алдында (күллі жұрттың көзінше) дарға асып, іліп қой! Сонда Менің Исраилге деген жалындаған қаһарым басылады!» Сондықтан Мұса Исраилдің төрешілеріне: «Әрқайсыларың пеғорлық Бағалға беріліп кеткен өз адамдарыңның барлығын өлтіріп жазалаңдар!» — деген әмір берді. Дәл осы кезде исраилдіктердің біреуі бір мадияндық әйелді өз әулетіне алып келді. Адам онысын кездесу шатырының кіреберісі алдында қайғырып зарлап тұрған Мұса мен бүкіл исраилдік жамағаттың көз алдында істеді. Мұны діни қызметкер Елазардың ұлы, Һаронның немересі Пінехес көрді. Ол жамағаттың ортасынан шықты да, қолына найзасын алды. Пінехес исраилдік ер адам мен сол әйелдің артынан шатырға кіріп, екеуіне де найзасын сұғып алды. Найза еркекті тесіп өтіп, әйелдің ішіне қадалды. Осылай Пінехес исраилдіктердің басына түскен індеттің бетін әрі қайырды. Ал індеттен қаза тапқандардың саны жиырма төрт мыңға жеткен еді. Ал енді, мен өз халқыма қайтпақпын. Кәне, болашақта мына халықтың сіздің халқыңызға не істейтіні жайлы ақыл берейін, — деді. Олар баяғыдағы Босор ұлы Балағамның жолына түсіп, тура жолдан тайып, адасып кетті. Балағам әділетсіз ісі үшін алатын сыйын қатты ұнатты, Алайда саған айтар біраз наразылығым мынау: араларыңда Балағамның ілімін ұстанушылар бар. Сол көріпкел ежелде Исраилге қарсы шыққан Балаққа халықты күнәға азғыруды үйреткен: оларға жалған тәңірлерге шалынған құрбандықтардың етін жегізді әрі азғындық жасатты.
Выбор основного перевода