Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Һаронның өзі май жағу рәсімін орындап, Жаратқан Иеге арналған діни қызметке тағайындаған ұлдарының есімдері — осылар. Сонымен леуіліктерді Һарон мен оның ұлдарының қарауына тапсыр. Бүкіл Исраил халқының арасынан леуіліктер Һаронның құзырына тапсырылсын. Осылайша леуіліктерді басқа исраилдіктердің арасынан бөліп ал. Леуіліктер Менің ерекше меншігім болады. Бұл кезде Жаратқан Ие Леуі руын халықтың өзге руларынан бөліп, Өзінің қызметіне тағайындады. Леуіліктердің міндеттері Жаратқан Иенің Келісім сандығын (халық көшкенде) көтеріп жүру, Жаратқан Иенің алдында тұрып қызмет ету және Оның атынан адамдарға бата беру болды. Леуіліктер қазірге дейін осы міндеттерін атқарып келеді.
Выбор основного перевода