Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай:— Мен саған жар боламын. Сен халықты Мысырдан алып шыққан соң, сендер Маған осы таудың маңында ғибадат ететін боласыңдар. Сені Өзім жібергендігімнің дәлелі сол болмақ, — деді. Балақ маған сарайын алтын-күміске толтырып берсе де, мен Жаратқан Иенің бұйрығына қарсы шығып, не жақсы, не жаман болсын, еш нәрсені де өздігімнен істей алмаймын. Мен тек Жаратқан Иенің айтқанын ғана айтатын боламын. Әлемнің Иесі халыққа мынаны айтады: «Сол (жалған) пайғамбарлар сендерге хабарларын жеткізгенде оларға құлақ аспаңдар! Олар сендерді алдап босқа үміттендіріп жүр. Сендерге айтып жүрген сөздері — Жаратқан Иенің айтқандары емес, өз қиялдарынан шыққан сөздер. «Ей, пендем, Менің хабарымды жеткізгенсіген Исраилдің пайғамбарсымақтарына сен хабарымды жеткіз. Өз қиялдарынан пайғамбарлық сөз ойлап шығарып жүрген оларға былай де: «Жаратқан Иенің сөзін тыңдаңдар! Алайда Менің Жақия берген куәліктен де үлкенірек куәлігім бар: Әкем Маған орындауға тапсырған, Мен істеп жүрген игі істерім Мені Соның жібергендігіне айғақ. Себебі өз еркімді емес, Мені жіберген Әкемнің еркін орындау үшін көктен келдім.
Выбор основного перевода