Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан соң Мұса Һарон мен оның қалған ұлдары Елазар мен Ітамарға: «(Аза тұтып жалаң бас жүріп) шаштарыңды жайып жібермеңдер және көйлектеріңнің өңірін айыра жыртпаңдар! Әйтпесе өздерің де өлесіңдер, әрі Жаратқан Ие бүкіл қауымға да қаһарын шашатын болады. Алайда бауырластарың — Исраилдің бүкіл халқына Жаратқан Ие өртеп құртқан сендердің ағайындарыңды жоқтап аза тұтуларына болады. Мен леуіліктерді діни қызметкер Һарон мен оның ұлдарына көмекші болсын деп тапсырдым. Содан леуіліктер исраилдіктердің күнәларының арамдығынан тазартатын құрбандықтарын шалып, ұсынуға және олардың Жаратқан Иенің кездесу шатырында істеуге міндетті басқа жұмыстарын атқаруға тиіс. Өзге исраилдіктердің киелі орынға өз беттерімен жақындап келгендіктерінен бастарына апат түспеуі үшін осылай істедім». Алайда олар шайнап жеп жатқан еттерін әлі жұтып үлгірмей жатып-ақ, Жаратқан Ие оларға қаһарланып, сұрапыл апат жіберді. Сарұяның ұлы Жоғаб ересек ер адамдарды санай бастағанмен, онысын аяқтамады. Санақтың кесірінен Жаратқан Ие Исраилге қаһарын төкті. Сол себепті осы санақтың нәтижесі «Дәуіт патшаның билігінің шежіре кітабына» кіргізілген жоқ. Арам істерімен Құдайды ашуландырды,Сондықтан індет араларына жайылды.
Выбор основного перевода