Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Таң қызарып атып келе жатқанда хабаршылар Лутты асықтырып: «Жинал, күнәға батқан бұл қалада құрып кетпеу үшін әйеліңді, қолыңдағы екі қызыңды ал да, бұл жерден кет!» — деді. Енді Мені тоқтатуға тырыспа! Қаһарым лаулап, оларды құртып жібермекпін. Содан кейін өзіңнен үлкен бір халықты жаратамын. Егер солай істесең, онда мысырлықтар: «Тәңір Ие оларды елімізден арам ниетпен, тауда қырып-жойып, жер бетінен жоқ қылу үшін алып шығыпты» деп жүрер. Қаһарыңды басып, халқыңа апат жіберемін деген райыңнан қайта гөр! Себебі Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырған болатын: «Исраилдіктерге мынаны айт: Сендер тоң мойын қыңыр халықсыңдар. Мен араларыңда бір-ақ сәт бірге жүретін болсам, сендерді жоқ қылуым қажет болар еді. Қазір әшекейлеріңді шешіп тастаңдар. Ал Мен сендермен не істеуді ұйғарамын». «Мына жамағаттың арасынан кетіңдер! Мен оларды қас қағым сәтте-ақ жойып жіберемін», — деп ескертті. Сонда Мұса мен Һарон етпеттерінен жерге жығыла кетті.
Выбор основного перевода