Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда кездесу шатырын (бағана тәрізді) бұлт басып, Жаратқан Иенің жер бетіндегі тұрағы Оның нұрлы салтанатына кенелді. Бірақ бүкіл қауым олардың екеуін таспен атқылап өлтіру туралы айта бастады. Сонда кездесу шатырынан Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты барлық исраилдіктерге көрінді. Осылайша Қорах өзінің барлық жақтастарын Жаратқан Иенің кездесу шатырының кіреберісінің алдына Мұса мен Һаронға қарсы жинады.Сонда бүкіл қауымға Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты көрінді. Осы сөздерді естігенде Мұса мен Һарон бас қосқан халықтан бөлініп шығып, кездесу шатырының кіреберісіне барып, сол жерде етпеттерінен жата кетті. Сонда оларға Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты көрінді.
Выбор основного перевода