Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұны діни қызметкер Елазардың ұлы, Һаронның немересі Пінехес көрді. Ол жамағаттың ортасынан шықты да, қолына найзасын алды. Пінехес исраилдік ер адам мен сол әйелдің артынан шатырға кіріп, екеуіне де найзасын сұғып алды. Найза еркекті тесіп өтіп, әйелдің ішіне қадалды. Осылай Пінехес исраилдіктердің басына түскен індеттің бетін әрі қайырды. Мен Елазардың өзін және одан кейінгі ұрпақтарын әрқашан діни қызметкер қыламын деп уәде беріп Келісімімді бекітемін. Себебі ол қызмет еткен Құдайының абыройын жан сала қорғап, Исраил халқын күнәларының арамдығынан тазартты».
Выбор основного перевода