Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
әрі ертеңіне азанда Оның салтанатты ұлылығын көретін боласыңдар. Жаратқан Иеге қарсы күңкілдегендерің Оның құлағына шалынды. Себебі сендер бізге қарсы наразыланып күңкілдейтіндей біз кім едік? — Һарон осыны исраилдіктердің бүкіл қауымына айтып жатқанда-ақ олар айдалаға қараса, міне, нұрлы бұлттың ішінен Жаратқан Иенің айбынды салтанаты көрінді. Мұса оларға былай деді: «Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты өздеріңе көрінуі үшін Ол сендерге осыларды істеуге бұйырды». Мұнан кейін Мұса мен Һарон кездесу шатырына кірді. Сыртқа шыққанда олар халыққа бата берді. Сонда Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты бүкіл халыққа көрінді. Бірақ бүкіл қауым олардың екеуін таспен атқылап өлтіру туралы айта бастады. Сонда кездесу шатырынан Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты барлық исраилдіктерге көрінді. Алайда жамағат Мұса мен Һаронға қарсы жиналып, кездесу шатырына бет бұрған сәтте-ақ шатырды бұлт жауып, Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты көрінді.
Выбор основного перевода