Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осы оқиғалардан кейін Жаратқан Ие Ыбырамға аян беріп:— Ыбырам, қорықпа! Мен сені қалқандай қорғаймын. Саған берілер сыйлық аса зор болады, — деді. Осылайша үйіңізде жиырма жыл жүрдім, он төрт жыл бойы қыздарыңыз үшін, алты жыл малдарыңыз үшін қызмет істедім. Ал өзіңіз менің жалақымды он рет өзгерттіңіз. Сол сияқты, мына адамдардың тағдыры да еш шүбәсіз. Олар Мысырда және осы айдалада Менің ұлы салтанатымды әрі құдіретімді дәлелдеген керемет істерімді өз көздерімен көрсе де, Мені он рет еркінсіп сынап, даусыма құлақ түрмеді! Мені он рет масқараладыңдар, маған еш ұялмай жамандық істей бересіңдер! Себебі Жаратушы әділдікті қалайды,Өзіне бағышталған жаннан бас тартпайды.Сондайды Ол мәңгі аман-есен сақтайды,Ал сұмның ұрпағы қырғынға ұшырайды. Ал Құдай ешкімге соларды жәбірлетпеді,Олар жайлы патшаларға қатаң ескертті:
Выбор основного перевода