Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонымен Лия жүкті болып, ұл туды. Ол: «Шеккен жәбіріме Жаратқан Ие қарады. Енді күйеуім мені жақсы көретін болады», — деп, баласына Рубен («Қара, бір ұл!») деген ат қойды. Бірақ түнде Құдай Лабанға түсінде аян беріп: «Сен Жақыпқа не жақсы, не жаман сөз айтудан сақ бол!» — деп бұйырған болатын. Ыбырайым мен Нахор және олардың әкелері мойынсұнған Құдай екеуіміздің арамызда төрелік етсін».Сонда Жақып әкесі Ысқақ «Үрейлі Қорғаушым» деп сиынған Құдайдың атымен ант берді. Сонда Дәуіт олардың алдарынан шығып, былай деді: «Егер мені қолдамақ болып ақ ниетпен келіп отырсаңдар, онда жанымыз да, жүрегіміз де бір боламыз. Ал егер ешкімге зорлық көрсетпеген маған сатқындық жасап жауларыма ұстап беруге келген болсаңдар, онда ата-бабаларымыз сиынған Құдай мұны көріп, үкімін Өзі шығарсын!» (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Дәуіттің жыры.)«Егер де Жаратқан жар болмағанда, —Деп Исраил мойындасын әр уақытта, — Егер де Жаратқан жар болмағанда,Адамдар бізге шабуыл жасағанда, Тек Әлемнің Иесін ғана киелі деп құрметтеп, терең қастерлеңдер, (Оның еркіне қарсы шығудан) шошынып дірілдейтін болыңдар!
Выбор основного перевода