Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осы кезеңде (філістір патшасы) Әбумәлік қолбасшысы Пихолды ертіп келіп, Ыбырайымға:— Не істесеңіз де, барлық жағдайда Құдай сізге жар. Осы кезде Жаратқан Ие Жақыпқа тіл қатып: «Ата-бабаңның еліне, өз жақындарыңа қайт! Мен саған жар боламын», — деп бұйырды. Егер атамның Құдайы, яғни Ыбырайым сиынатын Құдай — «Ысқақтың үрейлі Қорғаушысы» маған жар болмағанда, сіз мені құр қол қоя берер едіңіз. Бірақ Құдай мүшкіл халіме, ауыр еңбегіме назар аударып, өткен түнде менің пайдама үкім кесті. — Исраил Жүсіпке батасын беріп тұрып былай деді:— Аталарым Ыбырайым мен Ысқақ Құдайдың көз алдында ғұмыр кешті. Құдай менің де өмір бойы бүгінге дейін Қорғанышым болып келеді. Қорықпа, Мен саған жар боламын,Абыржыма, Мен сенің Құдайыңмын!Саған қуат беріп көмектесемін,Жеңімпаз қолыммен сүйемелдеймін.
Выбор основного перевода