Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жарайды, сен әкеңнің үйін сағынған соң кетіп бара жатырсың. Алайда неліктен менің тәңірлерімді ұрлап алып кеттің? — Рахила болса, сол шағын тәңір мүсіндерін алып, түйесінің қомының астына тығып, өзі қомның үстіне отырып алған еді. Сондықтан Лабан бүкіл шатырдың ішін ақтарса да, түк таппады. Енді Миханың Тәңірге арналған өз киелі үйі болды. Ол (діни қызметкер киетін) жеңсіз сырт киім және шағын тәңір мүсіндерін жасатып, ұлдарының біреуін өзінің діни қызметкері етіп тағайындады. Михол бір мүсінді алып, төсекке жатқызып, үстін жамылғымен жапты да, бас жағына ешкі жүнінен тоқылған перде қойды. Өйткені Бабыл патшасы жол айырықта, бір жолдың екіге бөлінетін тұсында сәуегейлік жасау үшін тоқтамақ: ол өзінің әулетінің табынатын тәңірсымақтарына сиынып, қала аттары жазылған екі жебені шайқап, көзін жұмып, біреуін таңдап алады. Мұнан кейін сол жебеде аты жазылған қаланы бетке алып аттанбақ. Не болмаса сойылған малдардың бауырларына қарап жоритын болады. Бұл мына жайтты білдіреді: исраилдіктер ұзақ уақыт бойы өз патшасы мен әміршісінен ада болып, құрбандықсыз, бөтен тәңірге бағышталған тас бағанасыз, діни қызметкер киетін жеңсіз сырт киімсіз және жалған тәңірлердің бейнелерінсіз тұратын болады.
Выбор основного перевода